Сет-джет арқылы туризм дамып келеді

Oinet.kz 16-11-2022 305

1558423225553676.jpg

Соңғы уақытта сет-джеттер ( set-jetter –фильмде көрсетілген яки кітапта айтылған орынға баратын адам) туристердің саны артқан. Оңтүстік Корея «Ханзада Жумонг» секілді сериалдары арқылы туристер санын 40%-ға арттырған. Географиялық орналасуы мен табиғаты әсем Исландия 2008 жылы рекордтық деңгейдегі құлдырауды бастан өткерген. Арада 10 жыл өткен соң,  Bloomberg  Исландия кронасын  "әлемнің ең үздік валютасы" деп атады. Неліктен? Себебі, туризм деңгейі 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін 386% - ға өскен. Исландияда түсірілген «Тақтар ойыны» фильмінің танымалдығы туризм деңгейінің жоғары көрсеткішке жетуіне ықпал етті. Исландияға «Тақтар ойынының»  жанкүйерлері әсерін арттыру мақсатында жиі саяхаттайды екен. 

Түркістан облысы мен Қазақстанның киелі жерлері картасына енген нысандар туралы ағылшын, қытай,  қазақ және орыс тілдерінде арнайы роликтер және Ontustik TourAudio мобильді қосымшасы әзірленіп, туристер жиі баратын  35 туристік нысанда және 100 монументтік өнер ескерткіштеріне QR-кодтар орнатылған. Сонымен қатар, виртуалды 3 бейнеролик әзірленіп, VR-құрал жабдығы арқылы 360 градуста киелі орынды тамашалауға мүмкіндік жасалған. Түркістан облысындағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге 21 бағытта туристік маршруттар ашылған.  Бұл-  Түркістан туризмінің жандануына әсер ететін факторлар. 

Сет- джеттерлерді тек кино арқылы емес мультихикая арқылы да тартуға болады. Мысалы,  Норвегияның табиғи көрікті жерлері  «Суық жүрек» мультфильмінде көрсетіледі. Картинаның танымалдығы мемлекеттік жобаларға қарағанда туристерді тартудың тиімді құралы болған. Норвегияның Фьорданың басқарушы директоры Кристиан Юргеннің айтуынша, Тролтунга табиғатын көруге келетін туристердің саны басым. Жылына мың адамнан келетін аймаққа қазір  жүз мыңнан аса турист келеді екен. Тіпті  "Суық жүрек" мультфильмінің желісі бойынша арнайы туристік круиз бар. Анимациялық таспаның кейіпкерлерінің қатысуымен шоу круиз  лайнердің бортында өтеді. Борттағы мейрамхананың мәзірі де мультфильмдегідей. Норвегтер ұлттық асханасына басымдық бермеген. 


Түркістан жәдігерлеріне туристер тарапынан сұраныс жоғары
Түркістандық шеберлер туристерге қала тарихынанан сыр шертеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу