Жергілікті атқарушы органдар болашақ туризм саласының мамандарымен тығыз жұмыс істеуде

Oinet.kz 09-11-2022 173

Screenshot_14.jpg

Жалпы адами капиталды дамыту, жас буынды заманауи әлемнің сын-қатерлерін батыл жеңуге дайын тұлға ретінде қалыптастыру және оларды ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие туризм және қонақжайлылық саласындағы бірінші дәрежелі мамандар ретінде даярлау – Түркістадағы халықаралық туризм және меймандостық университетінің басты міндеті. Оқу орны өзінің шетелдік серіктестерімен үнемі байланыс орнатып, серіктестіктерін дамытып, олардың саны күн сайын үнемі өсіп келеді. Олар – Австрия, Зальцбург қаласындағы «Туризм және қонақ үй менеджменті институты», Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы «Жібек жолы» халықаралық туризм университеті, Малайзияның «Тейлор университеті», БАӘ, Шарджа қаласындағы «Мәдени мұра институты», Сингапур, Пегас білім беру тобы «KinderWorld», Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы «Ресей Халықтар Достығы университеті», және Түркия, Анталия қаласындағы «Туризм академиясы». Қазіргі уақытта университет басшылығы АҚШ, Франция, Италия, Португалия, Словакия, Гонконг, Үндістан және басқа да жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімге ие.

Университеттің ЮНЕСКО (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесі) және БҰҰ UNWTO (Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымы) сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы нығаюда.

Білім ордасы жоғарыда аталған халықаралық ұйымдармен, Les Roches және SHL қонақ үй бизнесі саласындағы қонақжайлылық пен менеджменттің беделді швейцариялық мектептерімен өзара іс-қимылы, сондай-ақ оның жанында UNWTO орталығының ашылуы университетке өңірде көшбасшы болуға ғана емес, Португалия мен Испаниядан кейін әлемде үшінші осындай білім беру орталығы болуға мүмкіндік береді, ал тиісті аккредиттеуден басқа түлектер халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл орайда университет басшылығы жергілікті атқарушы органдардың қолдауларына ризашылықтарын білдіруде.

Студенттер университет қабырғасында жүргеннен-ақ туристік нысандарда тәжірибе жинайды
Түркістандық студенттер әлемдік стандартта туристік білім алуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу