Түркістандық студенттер әлемдік стандартта туристік білім алуда
Қазіргі уақытта еліміздің туристік саласын дамыту үшін, болашағы үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі алғашқы бейіндік жоғары оқу орны орналасқан қаланың тарихы – бұл қазақ халқының тарихы. Ата-бабалар тарихы жетістіктерге жетелейді. Бұл ұлы мұраны еске алып, құрметтеу халықтың миссиясы.
Еліміздегі халықаралық деңгейдегі Түркістандағы халықаралық туризм және меймандостық университеті туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар дайындап келе жатыр. Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген университеттің 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде түлектер халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл олардың әлемнің кез-келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Онда отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлері дәріс оқиды. Сондай-ақ, түлектер тәжірибесін БҰҰ Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) жетілдіретін болады. Университет базасында біліктілікті арттыру орталығымен бірге IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқыту үшін тіл орталығы жұмыс істейді. Туризм факультеттерінен басқа спорттық кафедралар да бар. Ал Ғылыми кеңес университеттің алқалық басқару нысандарының бірі болып табылады. Ғылыми кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Үкімет қаулыларын, Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің, Білім және ғылым министрлігінің белгіленген жұмыс бағыттары бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарын, университет Жарғысын басшылыққа алады. Ғылыми кеңестің қызметі жариялылыққа, оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді. Оқытудың жоғары сапасын білікті профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Республикаға ғана емес, шетелге белгілі ғылыми-педагогикалық әлеуеті бай мамандар бар. Оқу процесі модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрылған және оқу траекториясын таңдауды көздейді, ал бұл білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін барынша толық және терең зерделеуге мүмкіндік береді.
Айта кетелік, бірегей сәулет-тарихи және археологиялық ескерткіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар Түркістан қаласы өңірлік және халықаралық деңгейде туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Сондай-ақ Түркістан қаласы республикалық деңгейдегі топ-10 негізгі дестинациялардың қатарына қосылған. Туристік инфрақұрылымды жақсартуға, соның ішінде қонақ үйлер мен туристік кешендер салуға ерекше көңіл бөлінуде. Яғни университет түлектерінің жұмыспен қамтылу мүмкіндігі мол.