Студенттер университет қабырғасында жүргеннен-ақ туристік нысандарда тәжірибе жинайды
Бүгінде әлемнің көптеген елдері туризмге нағыз табыс көзі ретінде қарайды. Осы орайда сарапшылар Түркістанда туризм саласын дамытуға мүмкіндік мол екендігін айтуда. Сондықтан да туризм саласының мамандарын дайындауға да айрықша көңіл бөлінуде. Осы орайда Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің алар орны айрықша.
Университет Rixos Turkistan қонақүйі, «Эдем», «Silk Way» қонақ үй – мейрамхана кешені, «Орталық Қазақстан Туризм, қонақ үй, мейрамхана және қолөнер ісі қауымдастығы», «Қазақ туристік қауымдастығы», «ҚР туроператорлар қауымдастығы», «Қазақ қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы», «Astana Hotel Managment» ЖШС, «Президент Отель» ЖШС және басқа да көптеген серіктестіктермен бірігіп, серіктестік жолға қойылған. Студенттерге «Excellence» тілдік орталығы құрылып, онда студенттер сөйлеу тәжірибесі кезінде шет тілдерінде өз дағдыларын дамытып қана қоймай, сонымен бірге оқып жатқан елдер мен халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін терең меңгерді. Студенттер университет қабырғасында жүргеннен-ақ ірі қонақүйлерде тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттыра алады.
Бұл жерде университетке Еуропалық одақтың өкілдігі және Қазақстандағы British Council ерекше көмек көрсетті, онымен шет тілдерін тереңдетіп оқыту жөнінде де, сондай-ақ Еуропалық білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастық жөнінде де тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді. Орталық аясында ағылшын, француз, қытай, араб және түрік тілдері курстары жүргізілуде.