Түркістанда туристерге сапалы сервис көрсетілу негізгі міндет болады
Зерттеушілердің айтуынша, Түркістан шаһары еліміздегі ең көне қалаларының бірі болып табылады, оның аумағында ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген көрікті жерлер (кесенелер, мұражайлар, қорықтар, қабірлер, мешіттер) сақталған.
Былтыр Түркістан облысының туризм саласына 102 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы Республика көлемінде 1 орында. Туристік нысандардың басым бөлігі Түркістан қаласында салынды. Атап айтқанда Керуен сарай көпфункционалды туристік кешені, «Ramada», «Emir Plaza», «Rich Hotel», «Grand Villa», Этнопарк Ресорт туристік объектілері пайдалануға берілді. Әлемнің көптеген мемлекеттеріне танымал Izi.Travel мобильді қосымшасына облыс аумағындағы 100 туристік нысанның аудиоақпараттары және координаттары туристік картаға енгізілді.
Түркістанда туристерге қызмет көрсетету сапасы да артып келеді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Түркістан қаласының аумағында "туристік қызметті реттеу орталығы" КММ базасында "визит орталығын" ашылды.
"Визит-орталық" - Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына қаланың туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңестер береді. Нысанда reception-ақпараттық пост (онлайн төлем, гидтер, карталар, маршруттар), экспозиция – қазақ хандығы залы, мультимедиа – бейне роликтер көрсету және голографиялық үстел (3D), сoworking – қажетті уақытқа жұмыс орнын жалға алуға болатын орталық, кітапхана, кафетерия және кәдесыйлар дүкені орналасқан.
Бүгінде Түркістан қаласында көптеген нысандар салынып, туристерге қызмет көрсетуде.