Туристерге арналған жаңаша стильдегі қоржын үйлер салынады

Oinet.kz 15-11-2022 251

Screenshot_10.jpg

Түркістан қаласында рухани-мәдени нысандардың қатары артады. Бұл Түркістанның туристік тартымдылығын арттырып,  түркі әлемінің Бұл туралы брифингте Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев 9 айдың есептік қорытындысында айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салу туралы айтқан болатын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында биыл 26 қыркүйек күні «Түркі әлемі орталығы» нысанының концепциялық тұжырымдамасына республикалық байқау өткізілді. Алдағы уақытта түбі бір түркітілдес мемлекеттердің басын қосатын ортақ нысан жаңа технологиялармен қамтылып, талапқа сай салынады. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ғимараттың салынатын орны қайта қарастырылуда. Сондай-ақ, екінші кезеңде сәулетшілер арасында кездесулер ұйымдастырылып, тағы да пысықталады, - деді Нұрлыжан Маратбекұлы.

Спикердің сөзінше, өңірде тағы да жаңа нысандар ашылмақ. Рухани астанада достық үйі, қолөнершілер саябағы салынып, аудандарда оқушылар сарайы бой көтермек. Ал Ескі Сауран қалашығының маңайын кешенге айналдыру жоспарлануда. Жібек жолының бойынан туристерге арналған жаңаша стильдегі қоржын үйлердің құрылысы басталады.

Түркістан қаласында оқушылар сарайының жанында, бульвардың бойынан «Достық үйін» салу үшін нысанның эскиздік жобасы әзірленіп, бекітілу үстінде. Жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Жоба бекітілгеннен кейін нысанның құрылысы басталады.

Сондай-ақ, облысқа қарасты аудан, қала орталықтарында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оқушылар сарайының жобасы бойынша бірнеше ұсыныстар дайындалып, өңір басшысының қадағалауымен талқыланып жатыр. Ұсыныстар бекітілген жағдайда құрылысы жүргізіледі. Нысан құрамында спорт, ұлттық өнер, музыка және т.б. үйірмелер ашылады.

«Түркі әлемі орталығы» нысанының концептуалдық сәулетшілер байқауының 2-ші кезеңі халықаралық деңгейде өтпек.

Түркістанда студенттер туризмнің дамыуна үлес қосады
Түркістанда туристерге сапалы сервис көрсетілу негізгі міндет болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу