Түркістанда студенттер туризмнің дамыуна үлес қосады
Бұған дейін Түркістанда туризм саласында кәсіби мамандарды даярлау, сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Түркістан қаласында ашылған Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 2 мыңға жуық жас білім алуда. Университ студенттері халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Түркістандық түлектер туризм саласының өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосады.
Бұл оларға өз мамандығы бойынша әлемнің кез келген нүктесінде кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Түркістан облысының тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады. Облыс аумағында 1663 тарих және мәдениет ескерткіштер орналасқан (1 халықаралық маңызы бар Қ.А.Ясауи кесенесі, 31 республикалық, 421 жергілікті маңызы бар, 1210 алдын ала тізімдегі нысандар).
Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, өңірде ішкі және сыртқы туризмді дамыту, келушілер мен туристер санын арттыру, салаға инвестиция тарту және өзге де міндеттер жүктелген. Бұл бағытта Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс атқарылып, жақсы көрсеткіштерге қол жетіп отыр. Алға орындалуы тиіс міндеттер мен тапсырмалар және жоспарлар да аз емес.
Биыл мамыр айында облыс әкімдігінде өткен жиында Үкімет тарапынан 2022 жылы Түркістан облысына келетін ішкі туристер санын 261000 мың адамнан асыру, шетелдік туристер санын 7200-ден асыру, келушілер санын 1 млн. 300 мың адамға дейін жеткізу міндеті жүктелгені айтылған болатын.