Тайқазан Түркістанға бақ-береке алып келді

Oinet.kz 05-11-2022 283

Screenshot_9.jpg

Отызыншы жылдары Лениградтқа кетіп, араға 54 жыл салып қайта оралған Тайқазанды Ахмет Ясауи мешіт – мұражайының сол кездегі директоры Нұрмахан Назаров  КСРО Мәдениет министрі В.Г. Захаровтың бұйрығымен Эрмитаждан қабылдап алады.  Тәңірінің Түркістанға тартқан ғажайып сыйы-Тайқазанның қилы тарихы туралы Түркістан қаласының құрметті азаматы Нұрмахан Назаровтан сұраған едік.

"Тайқазанның бұрын қай жерде тұрғанын көрсетіп әңгіме айтқаны есімде. Сол әңгімеге жас комсомол қызметкері ретінде мен де қатысқам. Тайқазанды қайтару Өзбекәлі ағаның өмірлік мақсаты еді. Осы мақсат орындалғанша әрекет-күресін де тоқтатпады. Ағаның мақсаткерлігі менің де ойыма шуақ, бойыма қуат беріп батыл қадамға жігерлендіргені анық. Осы еңбегі үшін асыл азаматқа Түркістанда ескерткіш қойылса екен деген тілегімді әрқашан айтып жүремін. 

Тайқазан оралғанда Түркістан халқының қуанышында шек болмады. Талай митинг, жиындар болды. Соның бірінде академик Зейнолла Қабдолов, түркістандық Кеңес Одағының Батыры Расул Есетов толғана сөйлегені көз алдымда. Өзағам екі жарым ай шамасында келіп құшағына алды Тайқазанды. «Тарих – баян, сыр қылып, Айтып келем, Тайқазан! Елу төрт жыл қыдырып. Қайтып келген, Тайқазан!.. Әмір Темір кезінде Сыйға тартқан Тайқазан. Таусылмайтын несібе, Ғимаратқа, Тайқазан!» деп, қуанғаннан менің де жүрегім жырлап қоя берген. Бірақ, осы орайдағы ең бір аталы сөзді академик Өмірзақ Айтбаев айтты. «Қазақ ырымшыл халық. Тайқазанның оралуы арқылы біздің еліміздің ырысы, дәулеті қайта келді. Сонымен бірге, қазақтың бүкіл қасиеті қайтып келген сияқты. Мен Өзбекәлі Жәнібековтің ең ұлы істерінің бірі осы деп есептеймін» деді ол. 

Сол айтқандай, кенен тарихты Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болған кезеңде қасиетті Тайқазанымыздың да мәртебесі биіктеп, оны ошағына қондырған азамат рухы да ұлықталып, ұмытылмас бейнесі шаһарымыздың бір шамшырағы болар деп ойлаймын!" - дейді Нұрмахан Назаров.

Түркістан рухани туризм орталығына айналып үлгерді
Лувр, Эрмитаждан қайтқан жәдігерлер туристерді қызықтыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу