Туристерге сапалы сервис көрсету басты назарда

Oinet.kz 10-11-2022 259

Screenshot_5.jpg

Жоспары мен келешегі талқыланған әрі бекітілген Түркістанды дамытудың жұмыстары төрт жылдан бері қарқынды жүріп келеді. Ауқымды құрылыс жұмыстары басталып қазірге дейін салынып жатыр. Кезегінде бой көтеріп пайдалануға берілгендерін ретімен айтамыз. 

Облыс орталығына айналған шаһарды әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, Түркістан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалған болатын. Олар: біріншіден, Түркістан – қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан – әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға бағыттарына арналды. Бұл бойынша да жұмыстар жүйелі орындалып келеді.

Киелі қалаға көптеген сәулетті нысандар бой көтерді. Олардың қатарында Түркістан облысының өзі салған облыс әкімдігі ғимараты, Нұр-Сұлтан қаласының сыйға тартқан «Нұр-Сұлтан» алаңы, Алматы қаласы салғызған медиа­орталық, Солтүстік Қазақстан облысы тарту еткен олимпиада резерві спорт мектебі, Батыс Қазақстан облысы салған музыкалық мектеп, Павлодар салып берген Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қызылорда облысының шығыс моншасы, Жамбыл облысының қабылдау орталығы, Шығыс Қазақстанның музыкалық субұрқағы, Маңғыстаудың амфитеатры, Қостанайдың неке сарайы, жеке инвесторлар салған «Түркістан» автобекеттерін атауға болады.

Бұдан өзге «Әкімшілік-іскерлік орталықта» 8 нысан бар. Оларды атасақ: 7000 орындық стадион, Оқушылар сарайы, Департаменттер үйі, Басқармалар үйі, Конгресс холл, Цифрлық кеңсе, Аттракциондар саябағы. Келесі «Рухани-мәдени орталықта» 7 нысан бар. Бұл қатарда Ясауи мұражайы, «Ұлы Дала» орталығы, Қолөнер шеберлері орталығын қайта жаңғырту, Ғылыми-әмбебап кітапханасы, Драма театры,  Президент саябағы, Арбат болып саналады.

Әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын жеке инвестициялар есебінен туристерге лайықты сервистік қызмет көрсететін «Rixos», «Нұр-Әлем», «Hampton by hilton» атты қонақ үй кешендері қала келешегінің көрінісі секілді. Оны көрген адам таңдай қақпай тұра алмасы тағы бар. Тағы бір ерекше құрылыс ретінде «Рухани-мәдени орталық» бағытына жататын «Керуен Сарайының» құрылысын айтпай кету мүмкін емес. Бұдан өзге, Қ.А.Ясауи кесенесінің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстары соңына да шықты. Сондай-ақ, аумағы 20 гектарды құрайтын Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтың құрылысы аяқталған. Енді тілге тиек ететін бірегей құрылыстың бірі қаладан 16 шақырым қашықтықтағы Шаға елдімекенінен бой көтерген Халықаралық әуежай.

Қалада қонақүйлер саны 60-қа жақындады
Қонақ үйлер туристерді қабылдауға сақадай сай дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу