Қонақ үйлер туристерді қабылдауға сақадай сай дайын

Oinet.kz 13-11-2022 289

Screenshot_7.jpg

Түркістан облыс орталығы болғалы қарыштап бой көтерген құрылыстардың біршамасын қонақ үйлер құрайды. Бұл әрине, Түркістанға келетін туристер санының жыл сайын артып жатқанының айқын көрінісі. Демек, турист көп болса, қонақ үй де жеткілікті болғаны, сонымен қатар ең бастысы сапасы да соған сай болғаны абзал. Осыдан сәл ғана бұрын үлкен қалалардағы қонақ үйлердің сыртқы келбеті, тіпті олардың теледидардағы көрінісінің өзі талайымызды тамсандырушы еді. Бүгінде бәрі қадам аттасаң көз алдымызда.

Сонымен қаламызда үлкенді-кішілі, арзанды-қымбатты  60-тан астам қонақ үй бар. Олар орналасқан орындарына, бағасы мен көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай бөлінетіні белгілі. Әлбетте қонақ үй бизнесінде бәсекелестіктегі басымдықтарды арттырудың басты жолдарының бірі басқаларға қарағанда барынша жоғары деңгейде сапалы қызмет көрсету. Осыған орай тұтынушы алдымен сайт бетіндегі жарнамадан қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет көңілден шықпаса, міндетті түрде сайтта шағым-пікірін қалдыру арқылы ойын білдіреді, ал күткендегідей болса әрине, болашақта тағы келеді әрі келушілерге ұсына жүретіні анық. Әзірге бәсекелестік жағынан қаламызда «Hampton by Hilton» қонақ үй кешені, «Rixos Turkestan», «Grand Khanaka», «Silk Way», «Royal Grand», «Karavansaray Kaganat», «Ramada Turkestan», «Эмир Плаза» қонақ үйлері көш бастап тұр. Олар біріншіден, айналасындағы жаңадан салынған әсем көріністермен көз тартса, екіншіден соңғы үлгідегі жоғары дәрежелі қонақ үйлер. Мұнда әдемі бөлмелермен қатар on-site entertainment (сайт бетіндегі жарнама), тегін таңғы ас, күнделікті тазалау, лифт, Wi-Fi, су спорты, массаж, сауна, спа, фитнес орталығы, экскурсия, автокөлікті тегін қою орындары, кафе-ресторан қызметтері ұсынылады. Сондай-ақ жиналыс, конференция залдары, мерейлі даталар мен іс-шаралар өткізетін мейрамханалары бар. Алайда бұлардың бағасы «айды аспанға шығарғандай» екені жасырын емес. Мысалы, Karavansaray Kaganat қонақ үйінде тәулігіне жәй ғана 75 000-нан басталса, орналасқан бөлмедегі терезеден Керуендегі бассейн көрінісі көрінгені үшін құны он есеге (!) дейін көтеріле беретіні таңдандырды.

Туристерге сапалы сервис көрсету басты назарда
Түркістан рухани туризм орталығына айналып үлгерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу