Туристерге қалада түрлі тур пакеттер ұсынылады

Oinet.kz 10-11-2022 278

Screenshot_3.jpg

Татулық пен берекенің шырағын жаққан Түркістан облыс орталығына айналғалы бері қаншама ғимараттар бой көтеріп, күллі әлем назарын өзіне аударды. Кейінгі уақытта Республикалық деңгейде іске асырылатын тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша ауқымды жобалар іске асуда. Әсіресе, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағын абаттандыру, «Қожа Ахмет Ясауи», «Жұма мешіті», «Есім Хан» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенелері мен қақпаларын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

Сәулеті келіскен шаһарды жаңғыртатын жобалардың ішінде демалыс, сауда орталықтары да бар. Келушілердің назарына бірінші боп түсетін ойын-сауық орталықтары екені мәлім. Қаладағы туризмді дамыту туралы көкейдегі көп сауалға сала маманынан жауап алған едік. Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Талғат Қыдырбаев мырза түркістандықтармен бөлісер жағымды жаңалықтардың көп екенін де жасырмады. Ішкі туризмді дамытуда жаңа қарқын алған қала ең әуелі әуежайымен ерекшелентіні анық. Хазірет Сұлтан әуежайы ашылғалы бері туристердің келуі де жиіледі. Ішкі рейстерге жататын еліміздің он үш қаласынан бөлек бұл әуежайда Ыстанбұл бағытында тұрақты рейстер бар. Талғат мырзаның айтуынша, бүгінде түлеген Түркістанға жасалатын саяхаттар туроператорлар әзірлеген турпакеттер аясында жүзеге асырылып жатыр. Бір күндік стандартты тур пакетінің құны 100 доллардан 150 долларға дейін. Бұл тур пакетке тамақтану, көлік, гид және компанияның маржасы кіреді. Бір күндік түнгі туристік пакеттердің тағы бір санатына 20 мен 40 АҚШ долларын құрайтын көлік, нұсқаулық және компанияның маржасы жатады.

Айта кетейік, 2022 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша келуші және туристер саны 1 257,7 мың адамды құраса, туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 29,9 млрд теңгеге жеткен. Күн сайын салтанаты асқан шаһарға тұрғындардың жанашырлығы мен мәдениеті аса қажет екені айтпаса да түсінікті.

Құнды мұраны іздеп келетін туристер қарасы мол
Қалада қонақүйлер саны 60-қа жақындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу