Түркістанға шетелден келетін туристер 4,8 мың адамға арту динамикасы тіркелді

Oinet.kz 09-11-2022 249

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысында туризм саласындағы көрсеткіштер айтарлықтай өсуде. Шектеулер мен карантиндік шараларға қарамастан, былтыр туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 3.85 млрд теңгені құрады. Яғни  бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 209%-ға өскен. Әрине бұл жетістікте облыс орталығы киелі Түркістанның алар орны ерекше. Мысалы, Түркістанған 2021 жылдың 9 айында 1247,2 мың турист келсе, ағымдағы жылдың   9 айында бұл көрсеткіш 1310,5 мың адамға жетті. Оның ішінде 2021 жылы шетелден 4,4 мың адам келген болса, 2022 жылы 4,8 мың адамға арту динамикасы байқалуда.  Былтыр 1417 мың адам келген. 

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жыл басынан бергі 9 айдың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне берген брифингте осындай деректер келтірді және орналастыру орындарының саны  2021 жыл 9 айында – 45 болса, биылғы тоғыз айда – 57-ге жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажеттігін міндеттеген болатын. Сондай-ақ Президент өңірлерге жасаған іссапары барысында халықпен кездесуінде мемлекет кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау үшін тиімді тәсілдер қолданып жатқанын, гранттар, шағын және жеңілдетілген несиелер берілетінін атап өтті. Аймақтағы кәсіпкерлердің санын айтарлықтай көбейту үшін мемлекет тарапынан қолдау шараларын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Президент ел ішінде бизнесті қолдау саясаты туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажеттігін ескертті. 

«Алтын самұрық» театры туристерді өзіне қызықтырады
Құнды мұраны іздеп келетін туристер қарасы мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу