«Алтын самұрық» театры туристерді өзіне қызықтырады

Oinet.kz 08-11-2022 396

Screenshot_4.jpg

«Керуен сарай» туристік кешеніндегі демалыс аймағына барып, әлемдегі теңдесі жоқ ұшатын «Алтын самұрық» театры бар.

Дүние жүзінде 8D форматында 18 ұшатын театр  болса,  ТМД елдері бойынша мұндай театр жалғыз Түркістан қаласында ғана бар. 8D форматтағы әсерлі саяхат арқылы қонақтар еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісіне саяхаттай алады.

«Алтын самұрық» театры орналасқан демалыс аймағының ғимараты ерекше көзге түседі. Себебі, ғимарат пішіні жұмыртқа тәрізді болып келген.  Ал, оның кірген бетінде  алтын түстес қыран бүркіті бейнеленген.  Айта кетерлігі, театрға келушілер ең алдымен 20 минут экскурсияға қатысады.  Мекеме қызметкерлері еліміздің тарихын тас ғасырдан  бастап, Жаңа Қазақстанға дейін жоғарғы сенсорлы жүйемен жабдықталған технологиялармен  көрсетіп, оны үш тілде түсіндіреді.  Кейіннен жаңа технологиялы 8 D арқылы  еліміздің ең көрікті елді мекендерінің үстінен «ұшып өтесіз».

Адамды көкке самғататын ерекше театр Қожа Ахмет Ясауи бабамызға арналған. Бейнеролик Ахмет Ясауидің шәкіртінің оған қойған сұрағынан басталады. Кейіннен көне Отырар жері, қазіргі Түркістан, Нұр-Сұлтан қалаларына, космос әлеміне саяхаттап, Шарын шатқалы арқылы ұшып өтіп, теңіз әлемімен таныса аласыздар.

Туристтердің ең сүйікті орнына айналған театрды тамашалаушылар да көп. Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін ескерсек,  осы саланы  дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайы жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі.

"Алтын Самұрықтың" жанында "Сиқырлы керуен" атты балаларға арналған ойын-сауық орталығы орналасқан. Бұл расымен сиқырлы ғимарат. Сырты бір қарағанда басқа нысандардан ерекшеленбеуі мүмкін. Бірақ ішіне кірсеңіз, шығыс ертегісіне түскендей күй кешесіз. 

Ескі мұнаралар, қала орталығындағы базар, қабырғаға ілінген шамдар сізді Аладдин мен Әли Бабаның әлеміне елітіп әкетеді.

Мұнда түрлі әткеншек қойылған. Балалар айналатын кесе мен тез жүретін пойызға отырамын, атқа мініп шабандоз боламын десе де өз еркі. Таңдау көп. Жоба авторларының айтуынша, сауда және ойын-сауық орталықтарында келушілер уақыттарын пайдалы әрі қызықты етіп өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Бұл кешен жылына 300 мың қонақты күтуге қауқарлы.

Керуен сарайға бір күнде 20 мыңға жуық адам келді
Түркістанға шетелден келетін туристер 4,8 мың адамға арту динамикасы тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу