Керуен сарайға бір күнде 20 мыңға жуық адам келді

Oinet.kz 07-11-2022 360

Screenshot_3.jpg

Түркістан қаласына келуші туристер саны да жылдан-жылдан артуда. Қалада туристерді көптеп тартатын көрнекі жерлердің бірі – Керуен сарай. 

Статистика бойынша негізінен бізге Қызылорда, Шымкент, Алматы қалаларынан және Түркістан облысының өзінен адамдар көп келеді. Шетелдік туристер – негізінен Түркия, Франция және басқа да Еуропа елдерінен келушілер. Қазақтың салт-дәстүріне қызығушылық танытқан қытайлық туристер де көп болды. Шетелдік туристер үшін Керуен сарай қызметкерлері үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) еркін сөйлей алатын гидтерді де дайындап қойған. Түрік тілінде еркін сөйлесетін қызметкерлері де бар. Маусымның қызған кезінде күніне 20 мыңға дейін адам келді.

Кешен туристер үшін тынығып, демалып, көңіл көтеретін мекен болса, кәсіпкерлер үшін – табыстың көзі. Әсіресе, жаз маусымы кезінде бұл жерде күніне мың доллардан асырып сауда жасауға болады. Беласар Есенбектің айтуынша, кешен ішінде ашық және жабық базарлар ұйымдастырылған. Ол жерде әр апта сайын әр ауданның кәсіпкерлері келіп, өз өнімдері мен тауарларын сатылымға шығара алады. Әрі бұл үшін олардан бір тиын ақы алынбайды.

Туристік орталық аумағын аралай жүріп әлемдік брендтердің сауда желілеріне бас сұғып, ұлттық тағамдар әзірленетін мейрамханалардан ас ішуге де болады. Наурыз айынан бастап естен кетпес әсерлі шоулар қайта басталмақ. Ойын-сауық жобаларының барлығы дерлік келушілердің ежелгі тарихпен, бабалар жолымен, қазақтың қасиетті салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында жасалған.

«Керуен сарай» үнемі мамыражай шуға бөленіп, керемет көңіл күй сыйлайды. Мұнда күнде қызу қарбалас, іс-шаралар жиі өтеді. Сондықтан да мұнда адам қарасы ешқашан үзілмейді. 

Түркістанға көрші облыстардан арнайы келетіндер көп
«Алтын самұрық» театры туристерді өзіне қызықтырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу