2025 жылға қарай 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Oinet.kz 13-11-2022 275

Screenshot_3.jpg

Бүгінде Түркістан қаласын дамытудың екінші кезеңінің жұмыстары қызу жүргізілуде. Кешенді жоспарға сәйкес 109 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,3 трлн теңге, оның 1 трлн теңгесі немесе 77%-ы жеке инвестициялар. 

Инвестиция - қалаға сырттан құйылатын қаржы. Қаржы көзін тарта білу оңай емес. Инвесторлар қалаға сенім артқанда, оның болашағына нық сеніммен қараса ғана қаржысын құятыны жасырын емес. Түркістан қаласы инвесторлардың көңілінен шығуда. Себебі қаланың әлеуметтік-экономикалық келешегі кемел. Мұнда жыл санап халық саны өсіп келеді. 

Дамытудың ІІ кезеңі 4 аумақта іске асырылады. Нақтырақ айтсақ, бірінші аумақта әуежай аумағына ауыл шаруашылығы және басқа да серпінді жобалар іске асырылады. Ал 2-аумақта әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында заманауи білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен әкімшілік ғимараттар, демалыс орындары салынады. 

Үшінші аумақ шеңберінде Б.Саттарханов даңғылы бойынша спорт кешені, Яссы желілік саябақтары салынса, төртінші аумақта мәдени-рухани орталықта Әзірет Сұлтан мұражай аумағы абаттандырылып, Қылует мешіті, аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы іске асырылатын болады. 

Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы облысымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жетіп, халықтың табысы мен еңбек өнімділігі 50%-ға өсіп, 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 

Нәтижесінде қалада халық санымен бірге кәсіпкерлік саласы да қарқын алады. Көптеген жобалар жүзеге асып, республикадағы беткеұстар қала болатын күн алыс емес. 

Түркістандық азамат 12 адамды жұмыспен қамтып отыр
Соңғы 3 жылда Түркістан қаласында 536 жоба іске асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу