Түркістандық азамат 12 адамды жұмыспен қамтып отыр

Oinet.kz 20-11-2022 203

Screenshot_2.jpg

Бүгінде Түркістан қаласында ауыз суды тазартып, тұтынушыларға тікелей жеткізетін «Aqualife Е» жекеменшік нысанның жұмысымен айналысуда. Бұл нысанды басқаратын кәсіпкер Ермек Адыловпен кәсіп жолын 2016 жылы суды сүзгіден өткізу қызметін ашумен бастаған. 2009 жылы университет қабырғасын аяқтап, банкке жұмысқа орналасқан ол 2009-2016 жылдар аралығында түрлі салада жұмыс істеп көрген. Нәтижесінде тек бір жерде отырып жұмыс істей алмайтындығын түсініп жеке бизнеске бет бұруды жөн көрген. Бизнес саласында жүрген бірталай кәсіпкерлерден тәжірибе жинап, өз кәсіп жолын бастап кетеді. Бұл істі бастар алдында түрлі бағыттағы кәсіптерді зерттей бастайды. Суды фильтрден өткізу бизнесін бастап, қала тұрғындарына неге ұсынбасқа деген ой негізінде шынайы жұмысқа кіріседі. Осыдан кейін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын көптеген су компаниялары бар екеніне қарамастан тәуекелге бел буып, кәсібін бірден бастап кетеді. 

«Бізде тұтынушыларымызға көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Соның бірі тұрақты тұтынушыларымызға диспенсер аппаратын пайдалануға береміз және талондық жүйемен жұмыс істейміз. Мәселен, 10 литр су алса 3 литр су тегін. Сонымен қатар, жеткізу қызметі жылдам әрі тегін», – дейді кәсіпкер.

Атаулы орын бүгінде 12 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның біреуі – су бойынша технолог маман. Ол жылына екі рет Алматы қаласындағы үлкен зауытқа барып, тәжірибесін шыңдап келеді. Тағы бір инженер, 4 көлік жүргізушісі, 4 жүк тасушы және 1 оператор, 1 лаборант мамандары маңдай терін төгуде. Бүгінде шаһарда арнаулы тұтынушысы қалыптасып үлгірген су бірнеше кезеңнен өтіп барып біздің тұтынуымызға жол алады. Енді судың өнеркәсіпте қалай өңделетініне тоқталып көрейік. Судың өңделу барысы 5 сатыдан тұрады. Алғашқысы спан – сүзгісі ірі бөлшектерді алдын ала тазалау, екіншісі GAC – ұсақ бөлшектерді тазалауға арналған түйіршікті көмір сүзгісі, үшінші саты CTO – соңғы тазартуға арналған блокты көмір сүзгісі, төртінші сатыды кері осмос мембранасы бактерияларды жойып, ауыр металдарды, ерітінділер мен тұздарды кетіреді және Т-33 – судың кермектігін жойып, оның дәмін жақсартуға арналған сүзгі посты. Соңғысы ультракүлгін сәулемен өңделіп өтеді.

Қазақстан нарығында 6 жылдан бері өз жұмысын ұсынып келе жатқан жекеменшік нысанның тұтынушылары күн санап көбейіп келеді. Ермек Адыловтың айтуынша, нысанның басты мақсаты бірінші кезекте тұтынушылардың сенімін ақтап, көңілінен шығу. 

«Себебі бизнес әлеміндегі кез келген кәсіпкердің сыншысы – тұтынушы. Иә, олар маңызды адамдар, кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлердің басшысы тұтынушы екенін ұмытпайық. Өйткені тұтынушы болмаса, нарықтағы барлық бизнес көзі құлдырайды. Менің ойымша, жетістікке жетудің жалғыз формуласы тұтынушылар көңілінен шыға білу», – дейді кәсіпкер.

Түркістандық кәсіпкерге Шымкент, Астана, Қарағандыдан да тапсырыс беретіндер көп
2025 жылға қарай 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу