Түркістан қаласы өңірде бірінші орынға шықты
Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына басқа да салалардың дамуына алып келеді. Қаланың экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі. Бұл орайда биылғы бірінші жартыжылдықта бөлшек сауда көрсеткіші 25469 млн теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 113,6 пайызды құраған. Тауарларды өткізу көлемі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 3,8 пайызды құрап, өзге қала мен аудандар арасында 1 орынды иеленді. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 114069,2 млн теңгені құрап, 2021 (100187,9) жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 1,1 пайызға өсіп, 113,8 пайызды құрады.
Оның ішінде республикалық бюджеттен 34194,2 млн теңгені, жергілікті бюджеттен 40,280,5 млн теңгені және өз қаржысы есебінен 28450,0, банктерден 8299,1, басқа да қарыз қаражаты есебінен 2845,4 млн теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 110,0 пайызын құрады.
Түркістан қаласы әкімдігінің бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаевтың айтуынша ауыл шаруашылығы саласында 2666,8 млн теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 92,5 пайыз болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы жалпы өнімі 2022 жылдың қаңтар-шілде айына 1077,5 млн теңге болса, мал шаруашылығы өндірісінде 1513,9 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер тиісті бағдарламалардың тиімділігін, сондай-ақ кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.