Түркістандық наубайлар дүкендерге нанды арзан бағада жеткізуде

Oinet.kz 15-11-2022 440

Screenshot_10.jpg

Түркістанда бағаны тұрақтандыру мақсатында да көптеген шаралар қолдандылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш бірыңғай ақпараттық жүйесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының қымбаттағандары туралы арыз-шағымдар көптеп түсуде. 

Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылы 08 шілдеде №1489 «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шыққан. Аталған қаулыға сүйене отырып, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ERSOP базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізіліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп алғашқы ретке ескерту парағы берілген. «Сонымен қатар, азық-түлік бағалары халыққа қолжетімді болуы мақсатында қаламызда орналасқан әмбебап дүкен иелеріне «Әлеуметтік бұрышты» көбейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Нәтижесінде, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдері мен кәсіпкерлігі туралы құжаттарын қоса берді. Бүгінде «Сайрам» сут өнімдері мен «Али» сауда өнімдері жеткізілуде. Қосымша нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан қаламызда орналасқан «INSAF LTD» ЖШС, «Абдрахманов Өткір» ЖК, «Абдрахманова Умида» ЖК, «Уримбаева Света» ЖК, Салманов Фарух, Ғажайып ЖШС наубайханаларымен 4 жақты келісімшарт түзіліп 7350 теңгеден наурыз–маусым аралығында 678 тонна көлемінде ұн таратылды. Қазіргі таңда, наубайханалар 85 теңгеден тәулігіне 23800 дана нан өнімдерін қаламызда орналасқан 205 сауда орындарына жеткізіп отыр. Бөлім тарапынан сатылымға шығарған нан бағасының 90 теңгеден сатылуын қадағалау жұмыстары жүргізілуде», – дейді Түркістан қаласы әкімдігінің бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаевтың айтуынша. 

Сондай-ақ қалада құмшекер бағасын тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігінің өтінішімен жеке кәсіпкер Арыстанов Полатбек наурыз айында 555 теңгеден 62 тонна, ал сәуір айынан шілде айы аралығында 174 тонна көлемінде қалада орналасқан 137 сауда орындары арзандатылған шекер беріп, оның 10 пайыздық үстемақысымен сатылуын қадағалау жұмыстары жүргізілген.

Түркістан қаласы өңірде бірінші орынға шықты
256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу