Шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды

Oinet.kz 09-11-2022 256

Screenshot_3.jpg

Түркістан қаласында кәсіпкерлік саласында оң өзгеріс көп. Киелі шаһарда кәсібін бастағысы келген азаматтарға көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Себебі Түркістан қаласының әлеуметтік-кәсіпкерлік болашағы өте зор. Қалада жыл өткен сайын халық саны өсіп келеді. Халық санының өсуінің арқасында сұраныс та артуда. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында кәсіпкерлерге артылатын жүк көп.

Кәсіпкерлікті дамытудың негізінде жұмыссыздықты азайту, тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсарту сынды ізгі мақсаттар жатқаны анық. Мысалы Түркістанда жүзеге асырылып жатқан 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 6912 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туалы қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қала әкімі былтыр өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 млрд теңге көрсеткішке ие болса, биылдың тоғыз айында нәтиже 15,4 млрд теңгеге жеткенін, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 3,8% артқанын атап өтті. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру– алдымызда тұрған аса маңызды міндет екенін айтты. Президент тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Киелі қалада туризмді дамыту – уақыт талабы. 

Бұл орайда туризм және басқа да салаларға инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Түркістан қаласына 179,1 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл ретте, 9 айдың ішіндегі көрсеткіш 192,1 млрд теңгеге жетіп отыр. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба мақұлданып, 761 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде биыл шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды», – деді Нұрбол Әбсаттарұлы.

Шаһарда 16052 кәсіпкерлік субъект тiркелді
Индустриалды аймақта 857 жаңа жұмыс орны ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу