Шаһарда 16052 кәсіпкерлік субъект тiркелді

Oinet.kz 02-11-2022 311

Screenshot_2.jpgБиылдың 9 айында Түркістан қаласында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 16052 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 15701 немесе 97,8 пайызды құраған. Бұл туралы қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков БАҚ өкілдеріне берген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жұмыспен қамтылған адам саны 33465 және өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 193,6 млрд теңге, бюджетке төленген салық көлемі 5,807 млн тенге болып отыр. Белсенді шағын және орта бизнес субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар  жүргізілуде. Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022  жылдың 1 қараша айына «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-ы 200,0 млн теңгені құрайтын 18 жобаны қаржыландырды. 

Ал «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 1-бағыты аясында 7 жоба 620,0 млн теңгеге  субсидияланып, 52 жоба 552,7 млн теңгеге кепілдендірілген. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша индустриалды аймақта орналасқан екі жоба ТОО "Ali Construction Group", ТОО "TECHTRONIC- STROY" трансформатормен және ішкі қосымша инфрақұрлыммен қамтамасыз ету үшін 300 млн теңге көлемінде несиеленген. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласынан қайтарымсыз грант алуға 35 азамат өз жобаларын қорғап нәтижесінде 6 адамның жобасы қаралымда. Жалпы алғанда «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 142 жаңа жұмыс орындары ашылып тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында «Ырыс» МҚҰ-ның Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдау көрсету жоспарланып отыр. 

Түркістанда 9 айдың қорытындысы бойынша 15408,9 млн теңгенiң өнімі өндірілді
Шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу