Экобазарда кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған

Oinet.kz 04-11-2022 201

Screenshot_4.jpg

Cоңғы жылдары ірі қара мал етін өндіруде және экспорттауда Түркістан облысы елімізде көш бастап келеді. Енді аталған өнімдер Түркістандағы Экобазарда жұртшылыққа ұсынылып, осы орталықта жүздеген жұмыс орны құрылмақ. Енді ғана жұмысын бастап жатқан Экобазар биыл толық күшіне еніп, еліміздегі ең таңдаулы сауда орындарының біріне айналмақ.

Жалпы, Түркістан облысы мен Түркістан қаласы әкімідігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке аясында өнімдер 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өткен жәрмеңке апта сайын жалғасатын болады.

Мұнда сауда жасайтындарға қыста – жылы, жазда – салқын демалыс орындары, жуынып-шайынатын кең бөлмелері, шахмат, теннис ойнайтын залдары, асханалары, саудалайтын өнімдерді дереу тексеріп отыратын санитарлық қызмет орындары, шағын емханалары, ойын-сауық, жиын өткізетін залдары секілді адамның өмірі мен денсаулығына, еңбек етуіне қолайлы нәрсенің бәрі бар, аймағы атшаптырым тұтасқан ғимараттар кешені болса, мұндай базарларды «қала сәнін бұзады» деп ешкім айта алмас еді. Мұндай базарлар қаланың көркі, мақтаны болып, тұрғындардың тұрмыс-тірлігін де байқататын халық ең көп шоғырланған тамаша орынға айналуы әбден мүмкін.

Осы орайда, киелі шаһардың туристік әлеуетін арттыру мақсатында экобазар қалаға көрік беретіндей сәулетті де сәнді, тынысы кең, заңғар биік болып салынды. Қазір мұнда сауда қыз-қыз қайнап, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде. 

Мұнда балаларға арналған ойын-сауық орталығы, банктер, фуд-корттар, санитарлық қызмет орындары сынды тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, еңбек етуіне қолайлы орындардың барлығы болады.

Жалпы, бұл жоба өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сол себептен таяуда іске қосылған экобазар ыңғайлы әрі тиімді көпфункционалды сауда орны болғалы тұр.

«Эко базар» арқылы шағын кәсіпкерлер өз жұмысын жолға қоя алады
«Turkistan» арнайы экономикалық аймағы Түркістан қаласын жедел дамытады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу