ЖЫЛУ

Oinet.kz 06-03-2019 1089

796-1476220750-f73266b798.jpg

Жылу - өртке ұшыраған, мал-мүлкі суға кеткенде т.б. бақытсыз жағдайға ұшыраған отбасына ауыл-аймақ болып жәрдем беру. Адамгершілік ізгі қасиеттің белгісіндей бұл дәстүр бұл заманда да біржола қолданыстан шықпағаны аян. Дегенмен бұл қолдау, көмек, жәрдем дегендей сөздермен аталып жүр. «Жеті жарғыда» бұл туралы: «Әртүрлі табиғи апат (жұт, өрт, т.б.) салдарынан мал мен дүниесінен айырылып, күнкөруі қиындап кеткен адамдар қазақ баласынан жылу жинауға хақылы. Жылуды ел болып та, жеке адам болып та жинайды, қандай да түрі болмасын жылу жинау туралы шешімде ел басшылары мен билердің келісімін алады. Егер апат бір адамға, бір ата баласына ғана келген болса, рулы ел өз бетімен-ақ көмектесіп, жұтаған адамдарға қарайласады. Ал жоқшылық тұтас руға келсе, онда амалдың жоқтығынан өзге елдерге барып өтініш жасауға тура келеді. Ел билері көрші алыс жақын елдердің басшыларынан жылу жинау үшін келісімін алады. Кей жағдайларда сыйласуларына қарай (құда жекжат т.б.) көрші, рулар өз бетімен көмек көрсетеді. Қазақ ішінде жылуды кез-келген дәулетті қазақтан сұрау айып болып табылмайды. (Егер шын жұтап отырса). Жағдайы келіп отырған адам нашарға деп жылу беру тәңірі алдындағы іс болып табылады. Егер жылу жинаушы (адам немесе ру) өзінің берекесіздігінен, жағымсыздығынан, не өз дәулетсіздігінен ағайыннан көмек ала алмай өзге елде жүрсе, айыпталады. «Өз ағасын ағаламаған, өзгенің ағасын жағалайды» - деп көрсетілген екен.

Дереккөз: www.baq.kz

Қалжа туралы не білеміз?
Қыз ұзату дәстүрі жайлы не білесіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу