Фейк ақпарат сізге қалай әсер етеді?
31-03-2022
Өкінішке орай өмірде өтірік айтатындар өте көп. «Шындық пен өтіріктің» арасы бір тұтам деп тегіннен-тегін айтылмаған. Жалған сөйлеу дұрыс емес екендігін білсек те, көбіміз кейбір мақсаттарда, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдары рейтинг үшін, саясаткерлер қолдаушылар санын ұлғайту үшін, жарнама сату көлемін арттыру үшін жалған айтып жатамыз. Осылай өтірік айту біздің күнделікті әрекеттеріміздің біріне қалай айналып кеткендігін өзіміз де байқамай қаламыз. Алайда, ешкім алданып қалғандардың қатарынан табылып, қандай да бір алаяқтың құрбаны болып, сапасыз тауар сатып алғысы келмейді. Сондықтан да өтірікті анықтау үшін полицейлер мен судьялар қолданатын әдістерді ұсынамыз. Өтірік пен шындықты ажырату жолдары Жалған сөйлеуді анықтау тақырыбы «Lie to me» («Өтірік теориясы») сериялы арқылы жан-жақты ашылды. Сериялдық кейіпкер күдіктінің әрекеттері арқылы тергеу жүргізеді. Фильмнің басты кейіпкері Калифорния университетінің профессоры, психолог Пол Экманның прототипі. Пол Экман түр-әлпетті, дауысты өзгерту, вегетативтік (беттің қызаруы, терлеу, дауыстың өзгеруі) белгілердің көмегімен өтірік айтуды анықтау туралы еңбектерімен танымал.
Өтірікті зерттеуші психолог мамандар, оны анақтаудың сенімді әдістерінің жоқ екендігін алға тартады. Себебі, өтірік – бірегей мінез-құлықтық индикаторы бар жеке психологиялық процесс болып табылмайды. Сондықтан да кімнің өтірік, кімнің шын айтып отырғандығын анықтау қиындау. Тек адамдарда қатты психологиялық қысым болғаннан кейін ол сәл абыржуы мүмкін. Өтірік пен шындықтың ара жігін анықтаудың өте қиын екендігін ескеріп, мына жайттарды есте ұстау абзал: 1. Ешқандай әдіс адамның өтірік айтып тұрғандығын анықтауға 100 пайыз кепілдік бермейді. 2. Адамдарды тура қаралауға болмайды. Өзіңіздің пікіріңізді тұжырымдаңыз. Қаралау болжамнан емес, фактіден тұрады. Шектен тыс күдікшілдік (егер ол атақты, кәсіби тергеуші болмаса) қарым-қатынастардың бұзылуына алып келеді. 3. Вербальды емес белгілер үнемі өтіріктің негізі көзі болып есептелмейді. Қарсы адамның әрекеттеріне және жүріс-тұрыстарына шектен тыс секеммен қарау, оның жүрген-тұрғанын аңду адами қатынастардың бұзылуына алып келуі әбден мүмкін. 4. Өтірікті анықтайтын көптеген физиологиялық элеметтер, мәселен терлеп-тепшу немесе тамақтың құрғауы ол адамдардың жекелеген ерекшеліктеріне байланысты болуы да мүмкін. Бет және көз мимикалары бойынша өтірікті анықтау Адамның ішкі сезімінің сыртқы көрінісі. Көпшілік жағдайда өтірік адамдардың эмоциясында өтірік белгілері байқалады.
Сыртқы жағдайда қастың көтерілуі сияқты белгілермен көрінеді. Оң және сол жақ беттерде түрлі эмоциялардың байқалу ассиметриясы әділетсіздікті анықтауға көмектеседі. Мұрын мен ауыз. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, өтірікшілер көп жағдайда мұрынын ұстай береді. Бұл мұрын қуыстарына адреналиннің әсер етуі, оның жыбырлауына алып келеді. Сондай-ақ, өтірік айтушы адам көп жағдайларда қолымен аузын ұстап, ернін жыбырлатады. Өтірік айтқан кезде көз қабағы қалыпты жағдайға қарағанда, ұзақ уақыт жабық тұрады. Ер адамдар шындықтан ауытқыған кезде көзін ұйқалай береді. Адамның көзіне қарап-ақ оның өтірік немесе шын сөйлеп тұрғандығын байқауға болады. Өйткені адамның көзқарасы көпшілік жағдайда адамды алдай алмайды. Бұл әдіс тиімді әрі таптырмас құралдардың бірі. Сондықтан да көп адамдар шын кейпін жасыру үшін көзін түрлі бағыттарда қозғалтып, адамның көзіне тік қарауына мүмкіндік бере бермейді. Тіл және дене Терлеп-тепшу. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өтірік сөйлеуші адам шын сөйлейтін адаммен салыстырғанда көбірек терлейді. Бас изеу. Адамдар көпшілік жағдайларда өзінің сөзін немесе келісімін білдіру үшін бастарын изеп жатады. Ал адам өтірік айтқан кезде оның сөздері мен бас изеуі арасында кідірістер болады. Абыржу. «Ұрының арты қуыс». Өтірік айтушы адамның сөзінде абыржушылық және өзіне деген сенімсіздік белгілері байқалады. Қозғалыс. Шындық айтып тұрған адам әңгімелесуші тарапқа жақындайды, ал өтірікші керсінше одан алыстауға тырысады. Өтірік айтушы адам көп жағдайда өзінің сөзін қайта-қайта айтып сендіруге тырысады. Абыржулы қалыппен қолын қалтасына жиі салу (шашын жинау, галстугін жөндеу, бірдемені қолмен қайта-қайта ұстау) өтірікшінің белгілері. Сілекейді жұту және тыныс алу. Тыныс алудың қиындауы жалғандықтың белгісі. Ол миға оттегіні көбірек жіберу үшін жылдам тыныс алуға тырысады. Сөйтіп өтірікші қиын жағдайда өзіне ыңғайлы бағдар жасауға тырысады. Ауыз қуысында сілекей сөзінің көптеп бөлінуі адреналиннің бөлінуімен байланысты.
Сондықтан да ол аузына қалыпы жағдайдан тыс бөлінген сілекейді жұтуға мәжбүр немесе аузы көпіршіктенеді. Ауызекі жауаптарды талдау Дауыс. Дауыс ырғағы мен жылдамдығының өзгеруі өтіріктің негізгі индикаторы болуы мүмкін. Жауап беру алдында тосылып қалу немесе бірден аузын жауып қалу, ұзақ уақыттық үзіліс өтірік белгілері болып саналады. Шамадан тыс артық сөйлеу. Шыншыл адам факт бойынша жауап беріп, қалған жағдайларға анықтама бермейді. Ал өтірікші керсінше алыстан орағытып, артық детальдарды айтып, өзгелердің қолдауын іздейді. Эмоциялық реакция. Әңгімелесу кезінде қарсы адамның әрекеттерін бақылаңыз. Шыншыл адам, өтірікшіге қарағанда оқиғаны агрессивті жағдайларға дейін жеткізбейді. Ол барлығын шу шығармай шешуге тырысады. Тексеру. Біз фильмдерден тәжірибелі тергеушілер сұрақтары арқылы адамдардың өтірігін шебер анықтайтындығын байқаймыз. Шындығында алынған жауап арқылы адамның өтірігін анықтауға нақты мүмкіндік береді. Алынған жауаптарды бұрын берген жауаптармен салыстыру жалғандықтың анықтауға бірден-бір табылмас әдіс. Бірдей немесе «жаттанды» сөзерді қайталай беру өтіріктің белгісі. Айлаға алданып қалмаңыз. Кейбір өтірікшілер шындықтың бетін жабу үшін құйтырқы айлаға барып жатады. Жиі комплименттер айту, ыңғайсыз сұрақтан бірден басқа тақырыпқа өтіп кету, түкке тұрмайтын нәрсеге назарды аудару сияқты жағдайлар шындықтан қашқан адамдардың тағы бір белгісі болып табылады. Тағы да қайталап айтқымыз келеді, «шпиондық» әрекеттермен шамадан тыс айналыспаңыз, өзіңіздің шешімдеріңізді барынша объективті етіп шығарыңыз. Шынайылық қана сіздің адами келбетіңізді биіктете түсетінін естен шығармаңыз.
Дереккөз: bilim-all.kz