Игілікті ісі көп Серікбай Ибадуллаев

Oinet.kz 04-12-2017 1267

Еңбек жолын ауылдан бастап, аудан, облыстық деңгейдегі жауапты қызметтерге тәжірибе жинақтай және сатылай өскен Серікбай Ибадуллаұлы «Құрмет» орденіне әбден лайық азамат. Ұзақ жылдар бойы қай жерде қызмет етсін, іскерлігімен, жауапкершілігімен және басқа да ерекше қасиеттерімен таныла білген ол әлі де аттан түскен жоқ. Отырар ауданының тумасы, экономист, облыстық мәслихаттың депутаты С.Ибадуллаев туған жерін әрдайым мақтан тұтады және өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып келеді.

Screenshot_7.jpg

Аудан әкімі, басқарма басшысы ретінде іскерлігімен танылған,  облыс әкімі аппаратында қызмет атқарған азамат ауылшаруашылығымен айналысқанды  ұнатады. Алайда ауыл, ауданды қалап тұрса да, мұның қарым-қабылетін жақсы білетін жоғарыдағылар тіршілігі түзетуді талап ететін салаларға жіберетін. Мысалы, ерікті-еріксіз түрде энергетика басқармасын басқаруына тура келген. Дегенмен, артылған сенімді ақтау қажет. Басшылық тізгінді қолға алған С.Ибадуллаев қарамағындағылармен қыруар шаруаны атқарып тастайды. Облыстағы су-газбен қамтамасыз ету жүйелеріне толық түгендеу жүргізілді. Ол кезде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықта мықты мамандар да қалмаған, жекешелендіру және қайта құру жылдарында жүйе сызбалары жоғалған. Осындай қиындыққа қарамастан, мемлекет меншігінде қалған, жеке меншікке өтіп кеткен ауқымды шаруашылық, барлық құбырлар түгелдей зерттеліп, түгенделді. Ауыстыруды қажет ететін, тозығы жеткен жерлер анықталды. Осы жұмыстардың негізінде қазір жүзеге асырылып жатқан, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтарын жаңғырту бағдарламасы дайындалыпты. Бұл С.Ибадуллаевтың қырық жылдан астам еңбек өтіліндегі бір ғана мысал. Шардара ауданын басқарған кезінде де ел айта жүрер игі бастамаларды жүзеге асырды. Бүгінгі таңда депутат ретінде Отырар ауданындағы өзекті мәселелердің шешімін табуына септігін тигізуде. Ауданды «көгілдір отынмен», таза ауыз сумен  қамтамасыз ету сынды мәселелерді көтерді. Әлеуметтік нысандардың салынуына ықпал етті. Сондай-ақ, Серікбай Ибадуллаұлы ауылдық кооперацияны дамытуға атсалысуда. Бұл орайда, ол бұрынғы жіберген қателіктерге жол бермей, жаңа кооперация шаруаларға жаңа мүмкіндіктер бергенін қалайды.

«Тексан» өнімдері сапалы әрі үнемді
​«Алуан алуан әкім бар, Әліпбегі бір бөлек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу