«Тексан» өнімдері сапалы әрі үнемді
«Тексан Казахстан Инвест» ЖШС сапа мен қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін сапалы және заманауи жарық электртехникалық өнімді жасау мен жеткізуге маманданған. Аталмыш фирманың Алматыда жарық электртехникалық өнім өндірісі бойынша зауыты бар. Өндірілетін өнім көп сатылы бақылаудан өткізіледі және жоғары сапаға кепілдік береді. Зауытта заманауи цехтер мен өндірістік алаңдар тұрғызылған.Қазіргі таңда шырақшамдардың 9000-нан астам түрі шығарылады.
Қызметінің бүкіл кезеңі ішінде компания энергетикалық кешен, құрылыс, қалалық жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды жарықпен қамтуда ауқымлды тірліктер атқарып келеді. Биылғы жылы Шымкент қаласындағы бас көшелерге жарықдиодты LED 150 Вт шамдары қойылған. «Тексан Казахстан Инвест» «Ақ семсер» ЖШС-мен серіктестік орнатып Қаратау, Әль-Фараби, Еңбекші аудандарын жарықпен толықтай қамтамасыз етіпті. Сондай-ақ «Ернұр» ЖК-мен бірге Абай ауданына жарықдиодты шамдар орнатқан.
Бұл шамдардың бұрынғы 250 Вт ЭРКО шамдарынан үш айырмашылығы бар. Бірінші, жарық қуатын үнемдейді. Мәселен ЭРКО-да 250 Вт, ал LED шамдарда 150 Вт. Екінші, ЭРКО 6000 сағат жұмыс істесе, жарықдиодты шамдар 35 000 сағат қызмет ететін болады. Үшінші, LED жарық беруден теңдесі жоқ заманауи шамдар. Яғни түнде күндіз жүргендей әсер аласыз. Бұрынғы электр жарығын үнемдейтін шамдарда «снап» болатын. Ал жарықдиодты шамдардың ішінде сынап жоқ, көзге зиян келтірмейді, денсаулыққа зиянсыз. Энергия көзін барынша молынан үнемдеуге мүмкіндік береді.
-Жарықдиодты шамдардың тағы бір артықшылығы – табиғи жарыққа барынша ұқсайтын анық түстерді беруінде. Олар тез қосылады және төмен температура кезінде үзіліссіз жұмыс істейді. Ал бұл біздің климаттық жағдайда өзекті болып табылады. Біз көшелерді жарықтандыру жүйесін дамытуды жалғастырып жатырмыз.Көшені жарықтандыру үшін жарықдиодты шамдарды пайдалану электр энергиясын айтарлықтай үнемдейді. Өз кезегінде бұл бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, жарықдиодты шамдарды мерзімді пайдалану қызмет көрсету саласындағы шығындарды қысқартуға мүмкіндік мол. Олар кәдімгі көше шамдарынан өзінің қызметтік сапасы, пайдалану сипаты және үнемділігі жағынан айтарлықтай тиімді. Келер жылы Шымкентте 48 көшеге заманауи шамдар орнатылу көзделіп отыр. Осы орайда фирмаларды бірге жұмыс істеп, отандық өнімді қолдауға шақырамыз,-дейді «Тексан Казахстан Инвест» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының директоры Ғалым Қалдыбайұлы.
Қазіргі уақытта «Тексан Казахстан Инвест» өнімдері Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне экспортқа шығарып келеді. Ал жақын арада Африка елдеріне, Біріккен Араб әмірлігіне тауарларын жіберу туралы келіссөздер жүргізілуде.
«Жаңа жыл мерекесі жақын қалды. Жаққан шамыңыз жарық болсын десеңіз «Тексаннан» шамдар алып орнатыңыз, шаңырағыңызды шуаққа бөлеңіз, көшеңізді көз сүйсінердей көрікті етіңіз.Бұл Сіздің өз қолыңызда, Біз асыға күтеміз, сапалы қызмет ұсынуға әрдайм әзірміз» дейді «тександықтар».