Қарақұмықтың қандай құпиясы бар?
Қарақұмық - Отаны Индия мен Непалдың таулы аймақтары болып саналатын ерекше өсімдіктің атауы. 20 ғасырда қарақұмықты "жармалардың патшасы" деп құрамында адамға қажетті витаминдер мен...
Қарақұмық - Отаны Индия мен Непалдың таулы аймақтары болып саналатын ерекше өсімдіктің атауы. 20 ғасырда қарақұмықты "жармалардың патшасы" деп құрамында адамға қажетті витаминдер мен микроэлементтердің көп мөлшерде болғаны үшін атаған. Енді осы жарманың (крупа) пайдалы қасиеттерімен танысуға уақыт келді.
Қарақұмық 18 таптырмас аминқышқылдардан тұрады. Олар:темір, кальций, калий, фосфор, мыс, йод, цинк, бор, фтор, молибден, кобальт сонымен қоса, В1, В2, В9, Е витаминдері. Заттектердің алмасуына (обмен веществ) әсер ете отырып, қарақұмық артық салмақтың азаюына ықпал етеді. Қарақұмық жармасы майдың пайда болу үрдісіне жатпайтын ақуыздарға (белки) және пайдалы көмірсуларға бай. Қарақұмықтың құрамына кіретін ақуыздың ерекшелігі, олар көп мөлшерде таптырмас аминқышқылдардан тұруы. Бұл осы жарманы ақуыз құрамы бойынша етпен салыстратын құнды азық-түлік өнімі ретінде көрсетеді. Ал таптырмас аминқышқылдар құрамы бойынша қарақұмық бұршақты дақылдарға тен:бұршақ (бобы), асбұршақ (горох) және үрме бұршақ (фасоль). Қарақұмық құрамына кіретін ақуыздар ағзаның радиоактивті заттардан тазаруына ықпал етеді. Қарақұмық астың қорытылуына жақсы әсер ететін органикалық қышқылдар жиынтығынан тұрады. Сондай-ақ, осы жарманың түрі атеросклероз,гипертония,жүрек-тамыр және сусамыр аурулары кезінде ұсынылады.
Өзініздің ас мәзірінізге қарақұмықты қосуға кеңес береміз.
Дерек көздері: edaplus.info calorizator.ru