Жүктілікке байланысты түнгі ауысымнан күндізге ауысуға бола ма?
Сұрақ: Мен тігін шеберханасында түнгі ауысымда жұмыс жасаймын жүкітілігіме байланысты күндізгі ауысымға ауыса аламын ба ?
Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 76-бабы сәйкес, сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа: Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйел жіберілмейді. Яғни сіз анықтаманы ұсыну арқылы күндізгі ауысымға ауыса аласыз.