Мекеме есебінен есеп айырысу ақысын төлеген жоқ. Не істеу керек?

Oinet.kz 08-11-2019 990

Мекеме жалақы.jpg

Сұрақ: Мен балабақшада тәрбиеші көмекшісі болып жұмыс жасадым, осы жылы жұмыстан босатылдым. Алайда, маған мекеме есебінен есеп айырысу ақысын төлеген жоқ. Бұл қаншалықты заңды?

Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 96 бабының 2 тармағында, Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі деп көрсетілген.

Жұмыс берушінің Сізге есеп айырысу ақыңызды төлемеуі аталған заң талабын бұзған болып табылады.

Заң бойынша жұмыстан тыс уақытша қосымша жұмыс істеуге бола ма?
Жүктілікке байланысты түнгі ауысымнан күндізге ауысуға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу