Жұмысқа алу үшін 3 ай деп 6 ай сынақ мерзімінен өткізу заңды ма?
Сұрақ: Мен Түркістан қаласында орналасқан құрылыс фирмасына бас бухгалтер болып жұмысқа кірдім, жаңа кірген жұмысшыға үш ай сынақ мерзімін тағайындап, маған алты ай сынақ мерзімін тағайындағаны қаншалықты заңды ?
Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 36-бабының 2 тармағына сәйкес, Ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары, филиалдар, ұйымдар өкілдерінің басшылары үшін сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылуы мүмкін. Яғни алты ай сынақ мерзімін қою заңды.