Шарф тағудың 6 түрлі тәсілі

Oinet.kz 27-02-2019 1296

202-1476212375-bf1d6eaff9.jpg

 Әуелде әйел затына ешқатысы болмаған мойын шалмасы бүгінде сәнқойлардың гардеробын толықтыра түсті. Ал дизайнерлердің шарфтың түрлерін көбейтіп қолдану аясын да кеңейтті. Әдемі сөмкелермен үйлесім тапқан сан түрлі мойынорағыш көптің көңлінен шықты. Тоңғандарды суықтан қорғап, сәнқойларға жаңа образ сыйлайтын шарфтарды тек мойынға тақпайды. Сондай-ақ иыққа асып, арқаға жамылады. Басқа, белге де әдемілеп орайды. Оның горжет, орамал, шәлі, палантин, тюрбан, парео, слинг-шарф сияқты түрлері көп. Сонымен қатар шарфты байлау, тағу әдіс-тәсілдері де сан алуан. Бұл ретте оны орнымен әдемі әрі дұрыс таға білудің жөні бөлек.

Есте болсын!

1. Егер жаңа сатып алған әдемі көйлегіңізге немесе жылы пальтоңызға назар аудартқыңыз келсе, мойныңызға таққан шарфтың менмұндалап тұрмай, барынша қарапайым болғаны дұрыс. Өйткені олар көзге бірден түсер сәнді мойынорағыштың қалқасында қалып қоюы мүмкін.

2. Жұқа мойынорағыштарды денеге жабысып тұратын киіммен таққан дұрыс. Сондықтан олар көбіне салтанатты кештерге арналған көйлекпен жараса кетеді.

3. Тоқыма шарфтарды сырт киімдердің ішіне салуға болмайтынын естен шығармаңыз. Сондай-ақ үлкен өрнектермен тоқылған ұзын шарфтар биік өкшелі етікпен әдемі үйлесім таппақ.

4. Бойы қысқа, арық жандарға ірі өрнекті шарфтар дұрыс таңдау емес. Сонымен қатар ұсақ өрнекті мойынорағыштар да денелі немесе бет пішіні жалпақ аруларға онша жараса қоймайды.

5. «Шалмаларды таңдағанда оның түсі үстіңіздегі киіміңізбен міндетті түрде үйлесім табу керек» деген сияқты қатып қалған қағида жоқ. Керісінше, көз бен шаштың түсімен сәйкес келіп жатса, құба-құп.

6. Мойныңыз ұзын болса, шарфты қалауыңызша, қалай болса да, батыл ораңыз. Ал қысқа мойынды арулардың шарфты бос (V немесе U пішінінде) таққаны дұрыс. 

Дереккөз : anabol.kz

Иіссуді қалай дұрыс пайдалану керек?
Ас үйдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу