Ас үйдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?

Oinet.kz 27-02-2019 1135

853-1476212611-e196da1421.jpg

Айналамыздағы әр заттың өзіне тән иісі болады. Ол біреуге ұнайды, біреудің қолқасын қауып, жүрегін айнытады. Егер мұндай жағымсыз иістер үйіңізді тұмшалап алса, не істеу керек?

Әдетте, асүйден уақыты өтіп, бұзылған тағамдардың жағымсыз иістері шығуы мүмкін. Сондай-ақ балық тазалап, сарымсақ аршысаңыз да, үйдегілердің мұрындарын тыжырайта қалатыны тағы бар. Ал бұл иістен қалай құтылуға болады? Соның бірнеше жолдарын тізбелеп көрелік.

  1. Асүйдегі жағымсыз иістен арылу үшін аздаған таза суға сірке суын қосып, бірнеше минут қайнатыңыз. Бұдан кейін терезелерді ашып, міндетті түрде бөлмені желдетіңіз.

  2. Айталық, газда шай қайнатып, не тамақ жасағаннан кейін, оны өшіре сала, плитаның ыстық табына (конфорка) апельсин немесе лимонның қабығын қоя қойыңыз. Ыстық лимонның иісін бүкіл бөлмеге таратады. Осылай жағымсыз иіс жоғалады.

  3. Егер кофенің иісі ұнайтын болса, кофе дәндерін табаға салып, аздап қуырыңыз. Оның иісі бөлмеге әп-сәтте тарайды.

  4. Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен арылу үшін нанның бір-екі тілімін сөрелеріне қойыңыз. Аздаған уақытта-ақ иіс жоғалады.

  5. Сондай-ақ ас содасы да кез келген иісті тез жояды. Ол үшін иіс шыққан жерге ас содасын себіңіз.

  6. Егер иіс өте өткір болса, нан мен ас содасы көмек бола алмауы мүмкін. Мұндайда жұмсақ шүберекке сірке суын сіңіріп, асбөлмедегі сөрелер мен тоңайытқыштың ішін жақсылап сүртіп, таза ауа кіргізіп, желдетіңіз.

Ал жағымсыз иістен құтылу қиын болса, оны болдырмаудың қамын жасаңыз. Тазалық бар жерде, жағымсыз иіске орын жоқ екенін естен шығармаңыз. Ұзаққа шыдамайтын тамақты уақытын өткізіп, сасытып қоймай, дереу төгіңіз. Көкөністер мен жемістерді аршыған болсаңыз, қабығын бітеу жерге қоймай, қоқысқа шығарыңыз. Сүт тасып төгілсе, газ плитаны дереу сүртуді ұмытпаңыз. Келесі жолы газды қосқанда қоңырсыған иіс қолқаны қабатынын ойлаңыз. Тағам қалдықтары мен өзге де қоқысты жиып қоймай, уақытылы сыртқа шығарып отырыңыз. Тоңазытқышта сүт өнімдерін ашытып-сасытып қойып қоймаңыз. Ыдыс-аяқ пен үстелдің үстін сүртетін шүберек пен майлық-сулық, тұтқыштарды дымқыл күйінде қоя салмай, жуып-тазалап, кептіріп отыру керек. Егер ұқыпты, әрі таза келіншек болсаңыз, асүйіңізде қолқаны қабар жағымсыз иіс емес, тек дәмді астың, тәбет ашар керемет иісі ғана шығатын болады. 

Дереккөз : anabol.kz

Шарф тағудың 6 түрлі тәсілі
Алғашқы кездесудегі қыздардың қателіктері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу