Түркістан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Oinet.kz 12-09-2019 1403

Screenshot_7.jpg

Түркістан қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Мұрат Серікбайұлы Базарқұлов тағайындалды.

М.Базарқұлов 1980 жылы 6 сәуірде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін “Саясаттану”, 2015 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін “Құқықтану” мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ОҚО Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында маман болып бастап, аталған басқармада бөлім бастығы лауазымына дейін қызмет атқарған.

2005 жылы ОҚО тілдерді дамыту басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары;

2010 жылдан бастап Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, білім, ішкі саясат салаларында басшылық лауазымда қызмет атқарған.

​Тоқаевтың тапсырмасы Шымкентте қалай шешімін таппақ?
Тоқаев: «RMB Connect жобасы юаньмен инвестициялар салуға мүмкіндік береді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу