Тоқаев: «RMB Connect жобасы юаньмен инвестициялар салуға мүмкіндік береді»

Oinet.kz 12-09-2019 1046

dd5c677d54f3c4d7.jpg

Қытайға екікүндік сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР іскерлік орта өкілімен кездесіп қайтты.

Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржы салалық қарым-қатынастың мүмкіндігіне тоқталып өткен Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселеде "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды рөл атқаратынын еске сала отырып, алдағы уақытта "Астана" ХҚО базасында RMB Connect механизмі құрылатынын жеткізді.

"RMB Connect жобасы юаньмен инвестициялар салуға мүмкіндік береді. Жаңа экожүйе Қытай юанінің әлемге таралуына елеулі үлес қосатынына және Қазақстан кәсіпорындары мен өңірдегі өзге елдер үшін юаньмен операция жасау бойынша жаңа есеп айырысу-клиринг орталығына айналатынына сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түркістан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Мұхтар Тайжан: «Олар тек мемлекеттің ақшасын жеп жатыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу