Леңгірдегі оқиғаға қатысты күдіктілер ұсталды

Oinet.kz 27-08-2026

 Screenshot_5.png

Полиция Түркістан облысының тұрғынына шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады. Бұл туралы ТҮркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

--Леңгірде түнгі уақытта белгісіз екі адам жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын алып кеткен болатын.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және орналасқан жерін анықтады.

Нәтижесінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында,--делінген таратылған ақпаратта.

Бұған дейін Леңгір қаласында бір тұрғынның үйіне түн ішінде белгісіз азаматтар кіріп, аяусыз қорып-соққаны туралы ақпарат таратылған болатын. Әлеуметтік желіде қаскөйлердің қолынан зардап шеккен әйелдің виедосы жарияланған.    

 


Генералдың кадры сотталды. Енді Мұхтар Қожаевтың жауапкершілігі қарала ма?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу