Қазақстан қорғаныс шығындары бойынша Орталық Азияда көш бастады

Oinet.kz 07-04-2026

Әлемде қорғаныс саласына бөлінетін қаржы көлемі артып келеді. Алайда елдер арасындағы басты айырмашылық жалпы бюджетте емес, бір адамға шаққандағы әскери шығын көлемінде байқалады. Бұл көрсеткіш бойынша Израиль мен АҚШ көш бастап тұрса, Қазақстан Орталық Азияда алдыңғы орында, деп хабарлайды  Оinet.kz сайты Energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап. 

image.png

Stockholm International Peace Research Institute (SIPRI) мәліметінше, 2026 жылы жаһандық әскери шығындар 2,6 триллион доллардан асты. Бұл геосаяси шиеленістердің күшеюімен байланысты. 

 Сарапшылардың айтуынша, бір адамға шаққандағы шығын елдің әскери қуатынан гөрі, қорғаныс саласының халық үшін қаншалықты басым екенін көрсетеді.  

Көшбасшы елдер:  Израиль – жылына шамамен 3,7 мың доллар АҚШ – 2,4 мың доллар (жалпы бюджеті 831,5 млрд доллар) Аустралия – 2,1 мың доллар  Германия мен Ресейде бұл көрсеткіш шамамен 1,5 мың доллар болса, Ұлыбритания мен Украинада – 1,3 мың доллар деңгейінде. 

 Халқы көп елдерде бір адамға шаққандағы шығын айтарлықтай төмен:  Қытай – шамамен 214 доллар Үндістан – 77 доллар  Ал Индонезия, Пәкістан және Египетте бұл көрсеткіш одан да төмен. Бұл, ең алдымен, халық санының көптігімен байланысты.  

Орталық Азиядағы жағдай: Аймақта қорғаныс шығындары салыстырмалы түрде төмен болғанымен, елдер арасында айырмашылық бар.  Қазақстан – 288,1 доллар (көшбасшы) Түрікменстан – 254,7 доллар Өзбекстан – 170 доллар Қырғызстан – 106 доллар Тәжікстан – 43,3 доллар. 

 Сарапшылардың пікірінше, қорғанысқа бөлінетін қаржы елдің экономикалық мүмкіндігіне ғана емес, қауіпсіздік деңгейі мен сыртқы қатерлерге де байланысты. Осы факторлар Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығын айқындап отыр.

Энергетика министрі: Қазақстанның көмір қоры 300 жылға жетеді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу