"Базарбектен артығы жоқ" - Депутат Бақытжан Базарбек вице-президент лауазымына ұсынылуда

Oinet.kz 22-01-2026 81

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық Құрылтайда елімізде вице-президент лауазымы пайда болады деген сөзінен кейін  бұл лауазымға әркім өз  кандидаттарын ұсынуда деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

Әлеуметтік желіде әсіресе Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекті елдегі екінші адам лауазымына ұсыну туралы пікірлер жиілеп келеді. «Шындықтан қаша алмайсың» парақшасында желі қолданушылары оны вице-президент қызметіне лайық деп санап, түрлі пікір жазуда .

Белсенділердің пікірінше, «билікке батылдық қажет болса, Базарбектен қолайлы кандидат жоқ». Қоғамда депутаттың қазіргі саяси салмағы Мәжіліс мандатынан әлдеқашан асып кеткені айтылып жүр.

Қоғам белсендісі Бекболат Қаржанның айтуынша, егер Базарбек жоғары лауазымға келсе, ел ішінде нақты қозғалыс басталып, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үшін де елеулі саяси тірекке айналар еді.

Жер дауын ашық көтеріп, министрлер мен әкімдерге өткір сұрақтар қойып жүрген, «Ескі Қазақстанға» қарсы риторикасымен танылған депутаттың есімі Ақорданың ықтимал кадрлық тізіміне енуі де ғажап емес деген пікірлер бар.

Бақытжан Базарбек – заңгер, қоғам белсендісі.   Ол 1981 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысының Жамбыл (Тараз) қаласында туған. 2016 ж. қазаннан бастап «Bazarbek Partners» заңгерлік консалтингтік компанияның директоры (Алматы қ). 2023 ж. наурыздан – бір мандатты сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты.

Ал,  сіз  бұл ұсынысты қолдайсыз ба?

Енді сайлауға қатыспағандар айыппұл арқалауы мүмкін
Кundelik пен BilimClass: миллиардтар үшін шайқас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу