Оңтүстік өңірлерінде құрғақшылық болады— Алтай Айнабектің дабылына министр жауап берді

Oinet.kz 11-04-2025 107

3c218332dc956431735563a8a37160f4_900xauto.jpg 

--Әлеуметтік желіде Алтай Айнабектің бір топ адаммен бірге Үкіметке жолдаған үндеуі тарап жүр. Видеода бір топ азамат Үкіметтен Алтай Айнабектің оңтүстік өңірлерді жазда болуы мүмкін қуаңшылықтан құтқаруына қолдау көрсетіп, қолдан жаңбыр жауғызатын технологиясын іске асыруға атсалысуын сұрайды,--деп хабарлады ҚазАқпарат.

Астанада өтіп жатқан Қазақстанның су секторын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысы кезінде журналист министрге осы мәлімдеме туралы сұрақ қойды.

— Ол азаматтың тарапынан істеліп жатқан жұмыстардың ешқандай ғылыми дәлелі жоқ. Біздің тарапымыздан ұсыныс болған. Өзіміздің Тараз қаласында орналасқан ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірге жүріп, ғылыми түрде дәлелдеу мәселесін қойғанбыз. Бірақ бүгінде ол шешімін тапқан жоқ, — дейді министр.

Нұржан Нұржігітов Алтай Айнабек бастаған азаматтардың елдің оңтүстік өңірлерінде биыл жазда қуаңшылық болады деген дабылына да жауап берді.

— Оңтүстік өңірлермен іргелес жатқан елдердің де дерегін зерттеп отырмыз. Ортақ болжам бойынша норманың 87 пайызы көлемінде су болады. Былтыр 89 пайыз болған. Сонда былтырғыдан 2 пайыз ғана төмен деген сөз. Бұл — «Қазгидрометтің», «Узгидрометтің» «Қырғызгидрометтің» болжамдарына негізделген болжам. Біз вегетациялық кезеңге жоспарлаған мөлшерде су жинақтай алдық. 1 сәуірдегі жағдай бойынша, су қоймаларында жиналған ылғалдың көлемі былтырғымен салыстырғанда 1 млрд 388 млн текше метр артық. Мұны біздің резерв деуге болады. Осы факторлардың бәрін ескере отырып, вегетация былтырғы деңгейде өтеді деп болжап отырмыз, — деді ведомство басшысы.

 


Түркістан облысының ауылдары ауыз сумен 98,1 пайыз қамтылған
Тоқаев Шымкентке келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу