Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
06-01-2024
Маусымның басында президенттің жарлығымен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік әскерлерінің қолбасшылары жаңарды. Артынша Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов екі қолбасшыны жаңа креслосына апарып отырғызды. «Оңтүстік» өңірінің әскерилерімен кездесу барысында министр бірқатар жүйелі кемшіліктердің барын тілге тиек етіп, жаңа басшыға осы кемшіліктерді шешуді тапсырды.
Артынша «Оңтүстікке» қарасты әскери бөлімдердің командирлері Бекзат Жумин мен Қайрат Пернебаевтың Тоқтар Төлешовтың ісі бойынша тұтқындалғаны белгілі болды. Біздің ойымызша, тағайындаулар мен тұтқындаулардың бір мезетте жүргізілгені кездейсоқтық емес. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің таратқан мәліметіне қарағанда, әскери бөлімдердің басшылары Жумин мен Пернебаев заңсыз ақшалай сыйақы үшін Төлешевке әскери ұшақ, әскери техника мен штаттағы әскери адамдарды берген
Адамды кәдімгідей алаңдататын дерек емес пе? Күні ертең командирлер қу дүние үшін әскери техниканы терроршылардың да қолына бере салуы әбден мүмкін деген сөз ғой, мынау.
Ал ел Тасмағамбетов қызметке тағайындалған кезде әскерге тәртіп орнатады, Елбасының үмітін ақтайды деп сенген болатын. Осындай күдік-күмән жайлаған кезде адамның ойына не келіп-кетпейді дейсіз. Кім біледі, алдағы күндері тергеп, тексеру, соттау күшейіп жіптің бір ұшы мұрагерлердің тізімінде көш бастап жүрген Тасмағамбетовтың өзіне барып тірелмесе деңіз. Әйтеуір, бір нәрсенің қисынды болғаны дұрыс қой. Тоқтар Төлешов төңкеріс жасауға дайындалды, Елбасыны тақтан тайдырмақ болды дегенге ел әлі сенгеннен көрі күмәні басым. Ендеше сол төңкерісті Тасмағамбетов жасамақ болды дегенге жұрт сенер ме еді? Жо-жоқ...Дегенмен...Сіз қалай ойлайсыз?
Мұрағаттан, 2016 ж