Сиань сапарында ірі жобалар талқыланды

Oinet.kz 03-07-2024 251

2.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация 24-25 маусым арылығында Қытайдың Сиань қаласында болып, бірқатар келіссөздерге қол қойды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов осы сапардың барысын баяндап берді.

--Шымкент пен Сиань қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнатудың 1 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Шымкент қаласының әкімі бастаған ресми және іскер делегациямен ағымдағы жылдың 24-25 маусымы аралығында Сиань қаласында болдық. Сапарымыз Сиань қаласындағы көлік-логистикалық терминалды аралаудан басталды. Қазақстан мен Қытай басшыларының Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын логистикалық орталық салу туралы келісімі аясында құрылған порттың ашылу салтанаты ағымдағы жылдың ақпан айында өтті. Жалпы Сиань қаласы Қытайдың транзиттік орталығы, ал құрғақ порты елдегі ең үлкені. Мұнда Қытай мен Еуропалық Одақ арасындағы контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінің 40 пайызға жуығы қалыптасады. Терминал еліміздің экспорттаушылары үшін жаңа нарықтарға жол ашады, жүктерді жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады,--деді әкімі орынбасары.

Сапар барысында Сиань қаласындағы алғашқы ұлттық тағамдар «Жеті тандыр» мейрамханасы жобасының іргетасын қалау рәсімі өткен.  Әрі қарай, Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының ғимаратында Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы ұйымдастырылған. Аталған форум аясында қытайлық жергілікті 30-дан астам және қазақстандық 20-дан астам кәсіпкерлер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашылығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларда В2В кездесулер болды.

Одан бөлек, қытайлық  ірі компаниялармен кездесулер өткен. Атап айтқанда:

--«Jiangsu Xiandai Lighting Group Co., Ltd» компаниясымен жарықдиодты көше шамдары, ландшафт шамдары, көше шамдарының әртүрлі түрлері, сигналдық байланыс тіректері, электр тірек тіректері, бақылау тіректері, жол қауіпсіздігі құралдары және электромеханикалық жабдық, көп функциялы көше шамдары, қалалық кешенді жабдық, күн фотоэлектрлік панельдері өндірісінің жобасы талқыланған. Бұдан бөлек «Shaanxi Jingzhao carspan» компаниясымен автомобиль өндірісінен сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклді автомобиль құрастыру зауытын құру жобасын іске асыру бойынша келісімдер жасалған.


Қазақ-өзбек шекарасынан есірткі алып өтетін үңгір табылды
Түркістанның құрылыс саласында қаражат тиімсіз игерілген—Тексеру комиссиясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу