Қоянбаевқа ешқандай айлық төленбейді—Дархан Сатыбалды

Oinet.kz 03-07-2024 533

6683f13c0d506872522854.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаевты неге жұмысқа шақырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Ол штаттан тыс кеңесші. Оған ешқандай айлық төленбейді. Қаржы төленбейді. Қайта біз оның тәжірибесін пайдаланамызз деп отырмыз. Жұмысты енді бастаймыз ғой. Туристерді тарту үшін, креатитвті индустрияны дамыту үшін тартып жатырмыз. Арнайы орталық ашып жатырмыз. Соған кеңестерін береді. Тәжірибесі бар жігіт. Неге тартпасқа? Тегін істейді. Түркістанға пайда әкелетін бәрімен жұмыс істеймін, – деді әкім қазақ-қытай іскерлік кеңесі кулуарында журналистерге.

Нұрлан Қоянбаев  Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясында қаржы және несие факультетінде оқыды. 2012-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Бұған дейін ол ҚР Президенті телерадиокешенінің креативті директоры, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысты.

2021 жылы ҚР Президентінің жарлығымен "Шапағат" медалімен марапатталды.

 


Болат Назарбаевтың мұрасын бөлісу басталды
Қазақ-өзбек шекарасынан есірткі алып өтетін үңгір табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу