Нұрлан Қоянбаев Дархан Сатыбалдыға кеңесші болды
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жайында өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрлан Қоянбаев белгілі продюсер, актер, тележүргізуші.
Бұған дейін ол ҚР Президенті Телерадиокешенінің креативті директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған.