Отбасы мен мемлекет – ең басты құндылық!

Oinet.kz 23-06-2024 195

98f15188-9cf2-463e-8c43-461792746d20.jpg

Қызығы мен қиындығы қиюласқан ішкі істер саласына адамдар түрлі себеппен келіп жатады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз жүрек қалауымен саналы түрде осы қызметті таңдаған адам. Қанат Бектұрсынов Жетісай ауданы кезекші бөлімшесінің полицейі.               

Тәулік бойы кез келген жағдайға дайын болу, құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету полицейлерге қойылатын басты талап! Ал отбасы мен мемлекет ол әрбір адам үшін басты құндылық болуы керек. Отбасың үшін қалай жаныңды берер болсаң, мемлекетке де солай адал қызмет етуің міндетті, дейді Қанат Бектұрсынов.

cdbfcc7b-4e1a-482c-84fa-9e8c82a9f6c3.jpg

03f9f7c7-0795-4309-bdea-f8a3fa1fe08b.jpg     


Полицей Қанаттың ішкі істер органдарында қызмет еткеніне биыл 16 жыл. Ол 2006 жылы Гулбану есімді арумен шаңырақ көтеріп, қазіргі таңда 8 перзент (1 ұл мен 7 қыз) өсіріп отырған үлгілі әке. Отбасында кішіпейіл, достары арасында абыройлы азамат. Бос уақытын көбірек балаларымен өткізгенді жөн санайтын полицей, спортпен де тұрақты түрде шұғылданады.

Біз де мереке қарсаңында көпбалалы полицейдің жанұясына тек жақсылық тілейміз!


Таныстырған да, табыстырған да – қызмет
Жұмыс уақыты бір сағатқа ерте басталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу