Прокуратура Көкірекбаевқа шығарылған үкіммен келіспейді

Oinet.kz 10-06-2024 394

 Screenshot_2.png

Прокуратура Кәрім Көкірекбаевқа шығарылған үкіммен келіспейді.

--07.06.2024 жылғы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялады. Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

Көрсетілген соттың үкіміне прокуратурамен оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіріледі,-деген ақпарат таратты бас прокуратура.

Айта кетері, алқабилер соты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы, Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты ақтап шығарды. Ал оның орынбасары мен пара берген адамды 11 жылға соттады.

Көкірекбаев «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған болатын. Ол  2022 жылдың желтоқсанында пара алды деген күдікпен ұсталды.

 


Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ ауруы тіркелмеген
Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу