Бердібек Сапарбаев бес облысты басқарған жалғыз әкім

Oinet.kz 31-05-2024 485

photo_429211.jpeg

Белгілі саясаттанушы  Данияр Әшімбаев әкімдік институты енгізілгелі бері әкімдерге қатысты біраз статистиканы жария етті. Осы мәліметке қарағанда, соңғы екі жылда әкімдердің командасы өте қатты өзгергенімен, олардың  орташа жасы «қартайып» бара жатыр. Соныменен...

 Тоқсаныншы жылдардың шамасында өңір әкімдерінің ұлттық құрамының 70 пайызы қазақ ұлтының өкілдері болған. 2004 жылы ол 87 пайызды, ал 2014 жылдан бастап 100 пайызды құраған. Дәл қазір де өңір әкімдерінің командасы тек қазақтардан тұрады.  

Осы жылдары облысқа әкім болған жалғыз әйел Гүлшара Әбдіхалықова (Қызылорда облысы) ғана. Қалғандары түгелдей ер азаматтар. Дәл қазір де облыс әкімдерінің арасында нәзік жанды жоқ.  

1994-2004 жылдар аралығында әкімдердің орташа жасы 49-ды құраса, 2014-2024 жылдар аралығында 52 жасқа ұлғайған. Яғни, әкімдер «қартайып» келе жатыр деген сөз.

1992 жылдан бергі аралықта өңірлерге 144 адам әкім болыпты. Мұның ішінде:

Марқұм Бердібек Сапарбаев 5 өңірге әкім болған жалғыз шенеунік.

Үш әкім 4 өңірге жетекшілік етті. Олар: Даниал Ахметов, Сергей Кулагин және Өмірзақ Шөкеев.

Сегіз шенеунік 3 өңірге әкім болған. Олар: Қанат Бозымбаев, Жәнібек Кәріпжанов, Шалбай Құлмаханов, Қырымбек Көшербаев, Қажымұрат Нағманов, Нұрлан Ноғаев, Иманғали Тасмағамбетов, Серік Үмбетов.

Жиырма бір шенеунік екі өңірге әкім болған. Олар: Құмар Ақсақалов,  Нұрғали Әшімов, Виталий Брынкин, Владимир Гартман, Әділбек Жаксыбеков, Мәжит Есенбаев, Ахметжан Есімов, Ғалымжан Жақиянов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Нәжімеден Есқалиев, Жеңіс Касымбек, Ләззат Қиынов, Алтай Көлгінов, Виталий Метте, Аслан Мусин, Архимед Мұхамбетов, Асқар Мырзахметов, Заманбек Нұрқаділов, Бақытжан Сағынтаев, Ералы Тоғжанов, Өмірзақ Өзбеков.
Бір өңірге ұзақ уақыт әкім болудың статистикасы мынандай:

Даниал Ахметов - 8 жыл, 7 ай;
      Қабиболла  Жақыпов - 7 жыл, 11 ай;

       Сергей Кулагин - 7 жыл, 10 ай;
        Виктор Храпунов - 7 жыл, 6 ай;

        Ахметжан  Есімов - 7 жыл, 4 ай;
       Амандық  Баталов, Архимед Мұхамбетов - 7 жыл, 3 ай;
       Елеусін  Сағындықов - 7 лет
Қырымбек Көшербаев - 6 жыл, 5 ай (Қызылордада);
 Асқар Мырзахметов - 6 жыл, 3 ай;
Қырымбек Көшербаев - 5 жыл, 11 ай (Маңғыстауда);
Гартман, Үмбетов, Метте және Рысқалиев - 5 жыл, 10 ай;

Құмар Ақсақалов - 5 жыл, 9 ай;

Бердібек Сапарбаев - 5 жыл, 8 ай;
Өмірзақ Шөкеев – 5 жыл, 7 ай;

Бөрібай Жексембин, Әділбек Жақсыбеков - 5 жыл, 6 ай;
Браун, Нефедов - 5 жыл, 5 ай;

Қайрат Нұрпейісов, Серік Біләлов – 5 жыл, 3 ай;

 Қазіргі уақытта бір өңірде ең ұзақ отырған әкім Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев—2 жыл 4 ай.

 


Қасым-Жомарт Тоқаев: Қасіретті оқиғалардан тағылым алуымыз керек
Ит, мысықтың етін жегізген. Шымкенттік емші асырап алған балаларды қорлаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу