Прокурор Исаховты 8,5 жылға соттауды сұрады

Oinet.kz 17-05-2024 483

01000000-0aff-0242-c108-08dc3db5d7ae_cx0_cy18_cw0_w1200_r1.jpeg 

200 мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталған Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховтың соты аяқталуға жақын қалды. Бұл туралы Otyrar.kz порталы хабарлады.

Кешегі күні өткен  сотта мемлекеттік айыптаушы Исаховты 8,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот жарыссөзінде прокурор күтпеген жерден  Мақсұт Исаховқа тағылған бабты қайта дәрежелеп, оны «пара алуға оқталуға» ауыстырған.

Тергеу барысында анықталғандай, экс-орынбасар ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істі жабу үшін 200 мың доллар ұсынған.

Прокурор М.Арыстановтың айтуынша, Исаховтың қылмысын дәлелдейтін негізгі айғақ-бейнежазбалар. 16 шілдедегі бейнежазбадан байқалғандай, Сарбасов пен Исахов соңғының бастамасы бойынша «Шымкент Плаза» сауда үйінің алдында жолыққан. Осы жерде Исахов қылмыстық істі қысқартуды болмаса оны антикор мен Экономикалық тергеу департаментіне беруді, мұндай жағдайда олармен келісудің оңай болатынын айтқан. Пара берудің схемасын да Исаховтың өзі ұсынған. Ол Сарбасовқа дүкен тауып, сол жерге тұрмыстық техника деген желеумен ақшаны үшінші адамдар арқылы беретінін айтқан.   

Алайда Исахов пен оның адвокаты мұндай айыптаулармен келіспейді.

Айтпақшы, прокурор Шымкент қалалық әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмейтінін, осыған қатысты жеке қаулы шығаруды сұранған.  

 


Шымкентте мектеп директоры мен орынбасары сотталды
Солтүстікке қоныс аударуды біреулер пайдаға айналдырған--прокуратура
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу