Журналистер --табиғат жанашырлары

Oinet.kz 11-05-2024 480


22fd05d6-ffed-40dc-a4a0-5ed7f38a49b6.jpg

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері де өз үлестерін қосты.

Екі бөлек өңір саналғанымен әлі еншісі бөлінбеген түркістандық, шымкенттік журналистер, баспасөз хатшылары, операторлар және Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика факультетінің студенттері Ордабасы ауданында, Бадам орман шаруашылығының аумағында, Арыс өзенінің бойында сенбілік өткізді.

Сенбілікте өзен бойын күл-қоқыстардан,  орман шаруашылығының тұқымбағының айналысын шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Осылайша бұған дейін кәсіби мерекеде, спорттық жарыстарда жиналатын БАҚ өкілдері бұл жолы сенбілікте бас қосты.

 Сенбілікте белсенділік танытқандар  осы шараны ұйымдастырып, әрдайым игі істердің басы-қасынан табылып жүрген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібай мен Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің «Табиғат жанашыры» сертификатымаен марапатталды.

Айта кетері, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бес аптаға созылды. Әр апта белгілі бір тақырыпқа арналады.

0088fa55-5a5f-4aa4-aa94-a41fe1e07365.jpg 926d1ade-526e-4a8f-96e0-781202729cc2.jpg

a5100503-2037-4b3e-a773-1beade7ba742.jpg

Руаралық араздықты қоздырған. Шардарада тик-токтағы видеодан шу шықты
Шойгу қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу