«Айбын» орденіне С.Нұрмағамбетовтың, Б.Момышұлының, Р.Қошқарбаевтың есімдері берілді

Oinet.kz 27-04-2024 87

2024_03_15_674ca2a2e6aaeafb98f850173c75b40e_1280x720.jpg 

--Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,-- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына түзетулер енгізілді.
Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.
Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 


Түркістан: Әкімдік қызметкері балабақша иесіне күш қолданған
«Айбын» орденіне С.Нұрмағамбетовтың, Б.Момышұлының, Р.Қошқарбаевтың есімдері берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу