Түркістан облысында кәсіпкерлерге субсидия беру кешіктірілген

Oinet.kz 08-04-2024 271

3f25c34571de0f227a9abbbfd4be2c25.jpg

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген сыртқы талдау шеңберінде ауылшаруашылығы техникасына  лизинг алу өтінімдері бойынша субсидияларды уақтылы ала алмаған 44 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Атап айтқанда, субсидия алуға арналған күту парағында мақұлданған өтінімдерді іске асырудың жаңа бірыңғай ақпараттық жүйесінің қолданысқа енгізілуіне және қаржы ұйымдарымен интеграциялануының болмауына байланысты кешіктірілген.

Енгізілген ұсынымдар негізінде анықталған кемшіліктер жойылып, 44 кәсіпкердің өтінімдері қаралып, шаруаларға 65,9 млн теңге субсидия төленді.

 


Бас прокуратура су тасқынына қатысты тексеру бастады
Түркістан облысында білім бөлімі 17 мың теңгеге бір келі сәбіз сатып алмақ болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу