SCAT әуе компаниясына берілген жер мемлекетке қайтарылды

Oinet.kz 14-03-2024 191

photo_372427.jpeg

Түркістан облысының прокуратурасы жосықсыз орман пайдаланушыға тиесілі аумағы 4 400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдады. Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасы хабарлады.

13.12.2019 жылы облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған. Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған.

Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған (Салық кодексінің 588-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы).

Алайда, «SCAT авиакомпаниясы» АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған Басқармамен бұйрық шығарылып (21.02.2024 ж. №20), шартты бұзу жолымен аңшылық алқабы мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.


Шымкентте спорт мектептерінің бапкерлері қаржы жымқырған
Олжас Бектенов Түркістанға келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу