Арыстанбек Мұхамедиұлына тағы сот үкімі шықты

Oinet.kz 01-03-2024 201

 Screenshot_4.png

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына е өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ақпаратты ҚазАқпарат агенттігі тілшісіне Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі растады.

«Нақты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Жазасы қауіпсіздігі орташа қылмыстық мекемеде өтелсін», - деді үкімді оқыған Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Кемеңгер Имашев.

Бұған дейін сот бұрынғы шенеуніктің әйелін пара алу бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. Мұхамедиұлының адвокаты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналыса алмайды. 

Айта кетсек, экс-министрдің бұған дейін 11 жылға сотталғанын жазған болатынбыз. Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.

Антикор музей басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу барысында қаржы жымқырды деген айып тақты. Дегенмен Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта кінәсін мойындамады.

Сондай-ақ сот А. Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты. 

 


Шымкенттің әкімдері заңға бағынбай ма?
Шымкентте балабақша меңгерушісі сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу